Қазақстанда жүргізу куәлігін алу үшін автомепктептерде оқу талабы қайта енгізілетін болды. Бұйрықты ҚР ІІМ қабылдады, деп хабарлайды Qazaqstan Media.
Жүргізуші куәлігін алу туралы талаптар 2016 жылы өзгертілген болатын. Ол кезде құжатты алу үшін емтихан тапсырар алдында автомектпетрде оқу міндетті емес деп шешілген еді. Азаматтар өздері дайындалып, мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарына барып емтихан тапсырып жүрді. Бірақ Ішкі істер министрлігі өкілдерінің айтуынша, мұндай жүргізушілердің дайындықтары шалағай және олар жолда жүру ережелерін жиі бұзады екен. Сондықтан ведомство автомектептерде оқу талабын қайта қабылдап отыр.
Бұйрық 2024 жылдың 23-ші сәуірінен күшіне енеді. Осы күннен бастап жүргізуші куәлігін алғысы келетін азаматтар көлікке отыруға рұқсат ететін медицицналық анықтама, автомектепте курстарды тәмамдады деген куәлігі болған жағдайда ғана мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарында емтихан тапсыра алады.
Тағы оқыңыз: Петропавлда иіс тиіп уланған ерлі-зайыптылар ауруханаға жеткізілді