Су тасқынынан зардап шеккен петропавлдықтар өтемақы алуға 15 сәуірден бастап өтініш бере алады

Ертең, яғни сәуірдің 15-інен бастап су тасқыны кезінде зардап шеккен петропавлдықтардан өтемақы алу үшін өтініш қабылдау басталады. Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.

Петропавлда бір мыңнан астам баспана су астында қалды. Ал су тасқыны облыс орталығында әлі шарықтау шегіне жеткен жоқ. Яғни, зардап шегушілер қатары әлі арта түсуі мүмкін. Дегенмен, дүние-мүлкінен айырылған тұрғындар ертеңнен бастап өтемақы алуға өтініш бере бастайды.

«Петропавлдықтар өтінішті екі жерде тапсыра алады. Біріншісі, қалалық әкімдік ғимараты, ал екіншісі ол Театральный көшесі, 36 мекенжайында орналасқан  қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі.

Қала тұрғындары өтінішке қоса мынадай құжаттарды қоса тапсыруы тиіс:

— зардап шеккен адамның жеке куәлігінің көшірмесі;

-төтенше жағдайлар бөлімінен табиғи апат салдарынан келтірілген залал фактісін растайтын анықтама;

— әлеуметтік көмекті есепке алуға арналған банктік шот», — деп жазылған қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі ұсынған ақпаратта.

Залалдың мөлшерін анықтау жәбірленуші және бағалаушының қатысуымен жүзеге асырылады. Бағалаушыны жәбірленушінің өзі таңдай алады немесе әкімдік ұсына алады.

Тағы оқыңыз: СҚО-да әскерилер су тасқынымен күресті жалғастырып жатыр

Поделиться:

Shares
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x