Тайынша ауданының әкімі жерлестеріне алғысын білдірді

Тайынша ауданының әкімі халыққа үндеу жасады. Берік Әлжанов су тасқыны кезінде көмек көрсетіп, жауапкершілік танытқан жерлестеріне алғысын айтып, зардап шеккен әр адамға көмек көрсетілетіндігін жеткізді, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Биылғы көктем тайыншалықтар үшін оңайға соқпады. Тасқын су халыққа біраз кесірін тигізді. Бірнеше елді мекенге су кіріп, баспаналар суда қалды. Ал кей жағдайда ауыл мен тұрғындарды аман сақтап қалу үшін жол учаскелерін жарып, суды өткізіп жіберуге де тура келді. Осы орайда, ауыл азаматтары ауызбіршілік танытып, тасқын суға төтеп берді.

«Соңғы 30 жыл ішінде болып отырған ең күшті су тасқыны биыл болды. Бұл 2017 жылы болған апаттан бірнеше есе артық. Сондықтан бізге жедел шешім шығаруға тура келді. Біздің жұмыла жұмыс істеуіміздің арқасында су тасқынының бетін қайтардық. Адам және мал шығыны болған жоқ. Енді бізге табиғат апаты залал келтірген инфроқұрылымды қалыпқа келтіру керек. Тайынша ауданының тұрғындары, билік өкілдері және өз атымнан қиын жағдайда бей-жай қарамай, қиын кезде қолдау білдірген әр адамға алғыс айтамын», — деді аудан әкімі.

Ауданда төтенше жағдай режимі жарияланды. Сондықтан табиғи апаттан зардап шеккен әр адамға материалдық көмек көрсетіледі.

«Материалдық көмекті алу үшін аудандық әкімдікке келіп өтініш жазу керек. Су тасқыны кезінде зардап шеккен әр үй, әр аула назарсыз қалмайды. Қолымызда бар барлық қаражат пен техниканы жұмылдыратын боламыз. Бұл мәселе мемлекет басшысының бақылауында»,- деді өз үндеуінде Берік Әлжанов.

Тағы оқыңыз: Петропавлға Астанадан гуманитарлық көмек жетті

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x