Петропавлға Астана қаласының Lider.kz қоғамдық ұйымынан гуманитарлық көмек келді. Су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға елордалық еріктілер жылы киім, тұрмыстық заттар, азық-түлік сынды әлеуметтік маңызы бар тауарларды жіберген, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Өңірге жақын күндері тағы да ШҚО гуманитарлық көмек келеді деп күтілуде. Келген заттар «Радуга» ЖШС қоймасында сақталатын болады. Кейін сол жерде сұрыпталып, көмекке мұқтаж адамдарға жіберіледі.

Петропавлға Астанадан гуманитарлық көмек жетті

«ҚХА облыстық филилалында арнайы штаб құрылды. Осы жерге барлық гуманитарлық көмек жеткізіледі. Қиын жағдайға тап болған солтүстікқазақстандықтарға көмек көрсетемін дейтін жерлестердің қарасы қалың. Біздегі төтенше жағдайға бей-жай қарамаған басқа өңірдің еріктілері көмектерін аямай көрсетуде. Түрлі этно-мәдени бірлестіктер де жылы киім, көрпе-жастық, матрастарға дейін алып келді. Өңір тұрғындары да қолдарынан келгенше қолдап білдіруде. Тіпті, зейнеткерлер бір келі күріш, жарма өнімдерін әкеліп беріп жатыр», — деді штаб жетекшісі Алла Писаренко.

Тағы оқыңыз:СҚО-да ауыз су ластанды деген ақпарат жалған-санитар мамандар

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x