СҚО-да су тасқынынан зардап шеккендерге төленетін әлеуметтік көмектің мөлшері белгілі болды

Солтүстік Қазақстан облысында су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға төленетін біржолғы әлеуметтік көмектің көлемі белгілі болды. Ол әр ауданда әр түрлі, деп жазды Qazaqstan Media тілшісі.

Бұл туралы бүгін өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте белгілі болды.

«Қиын жағдайға тап болған адамдарға төленетін біржолғы  төлем мөлшері Ақжар, Аққайың, Мамлют аудандарында 100 АЕК-ке дейін; Айыртау, Есіл, Жамбыл, М. Жұмабаев, Қызылжар, Ғ. Мүсірепов, Тайынша, Шал ақын, Тимирязев аудандарында 100 АЕК. Ал Уәлиханов ауданында 200 АЕК-ке дейін және Петропавл қаласында 200 АЕК құрайды», — деді СҚО еңбекпен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының басшысы Ринат Елжасов.

Биыл бұл мақсатқа 85 млн теңге бөлініпті.  Әлеуметтік көмек алу үшін азаматтар ауылдық округ әкіміне немесе жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдеріне тікелей жүгіне алады. Сонымен қатар «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы өтініш бере алады.

Өтінішпен қоса мынадай құжаттар топтамасы ұсынылады:

1) жеке басын куәландыратын құжат;

2) табиғи зілзала салдарынан азаматқа немесе оның мүлкіне келтірілген залал фактісін растайтын құжат

3) тұрғын үйге меншік құқығын растайтын құжаттар. Тек тұрғын үй иелері ғана алуға құқылы.

4) әлеуметтік көмекті аудару үшін деректемелер.

Әлеуметтік көмек 8 жұмыс күні ішінде қарастырылады. Қазірдің өзінде тілсіз жаудан  зардап шеккен барлық отбасылар төлемдер алу үшін құжаттар дайындап, тиісті органдарға жүгіне  алады.

Егер ауыл азаматтары ауылдық округ әкімдігіне жүгінгенсе, бір жұмыс күні ішінде отбасының материалдық жағдайына тексеру жүргізу үшін ауылдық округ әкімдігі жанындағы учаскелік комиссияға жіберіледі.кейін олар тексерген соң, акт жасалады. Ол бойынша орытынды дайындап, оны ауылдық округ әкіміне жібереді. Ауылдық округ әкімі  өқжаттардң барлығын  жұмыспен қамту бөліміне жолдайды.  Өз кезегінде, жұмыспен қамту бөлімі құжаттарды арнайы комиссияның қарауына ұсынады.

«Арнайы комиссия құжаттар келіп түскен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытынды шығарады.Оң қорытынды болған жағдайда әлеуметтік көмектің мөлшерін көрсетеді.Көрсетілетін әлеуметтік көмектің мөлшерін арнайы комиссия ұсынылған құжаттар негізінде айқындайды», — деді спикер.

Тағы оқыңыз: Бір тәулікте Есіл ауданының үш ауылын су басты

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x