Петропавл қаласының әкімі тұрғындардан көмек сұрады

Петропавл қалысының әкімі Серік Мұхамедиев тұрғындарға үндеу жасады. Ол халықты су тасқынына қарсы шараларды бірігіп жүзеге асыруға шақырды, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.

Шаһар басшысының  айтуынша қазір жағдай қиын. Петропавлда төтенше жағдай режимі жарияланған. Сергеев су қоймасынан аққан тасқын су, облыс орталығына жақындап келеді. Сондықтан Петропавлдың шеткі аудандарын су басу қаупі жоғары. Ол — Заречный, Былғары зауыты, Ойқала шағын аудандары. Онда екі мыңнан астам адам тұрады. Оған қоса, 29 саяжай қауымдастығы  бар.

«Біздің басты мақсатымыз — адам шығынын болдырмау. Сондықтан полицейлер мен төтенше жағдай мамандары саяжайда тұрып жатқан адамдарды шұғыл түрде қауіпсіз  жерге көшіріп жатыр. Біз жолдарды жабуға мәжібүрміз. Су тасқыны кезінде  жақындарыңызға немесе эвакцуациялық пунктерге баруға болады. Құжаттарыңыз бен бағалы заттарды дайындап қойыңыз. Түсіністікпен қарауға шақырамыз», — деді қала әкімі.

Сондай-ақ Серік Мұхамедиев тұрғындарды көмек көрсетуге шақырды. Айтуынша, Ойқала тұрғындары кешелі бері коммуналдық қызмет мамандарына жәрдемдесіп келеді.

«Петропавлдағы маңызды нысан «Қызылжар су» кәсіпорнына қауіп төніп тұр. Біз қазір оның маңына бөгет салып жатырымыз. Мамандар мен техника тәулік бойы жұмыс істеп жатыр. Сондықтан сіздерден көмек сұраймын. Қала өміріне бейжай қарамайтын азаматтар дамбаларды нығайту жұмыстарына қатыса алады»,- деді Серік Мұхамедиев.

Сонымен қатар ол азаматтарды дүрбелеңге салынбай, сабырлы болуға шақырды. Егер су тасқынына қатысты сұрақтар туындаса ikomek 109 или 112, WhatsApp  8 771 091 09 00 хабарласуға болады.

Жедел штабтар:

Қалалық әкімдік, тел: 32-00-60 24/7

Эвакуациялық пунктер:

№12 ОМ – Былғары зауыты ауданы, Рыжов к. 51.

№13ОМ – Заречный ауылы, 1-я Заречная, 59.

№14ОМ — мкр.Ойқала,Калюжная, к 22.

№27 ОМ – Жұмысшы кенті, Панфилов к. 256.

Жануарларды эвакуациялау:

Жұмысшы кенті  (Омбы шоссесі) 2632  «Валеев» ЖК

Тағы оқыңыз: СҚО ТЖД: Петропавлға тасқын су 12 сәуір келеді

 

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x