Президенттік жастар кадрлық резервінде тұрған Медет Кафизов Айыртау ауданының прокуроры болып тағайындалды, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.
Кіші әділет кеңесшісі Медет Кафизовтың прокуратура органдарындағы еңбек өтілі 8 жылдан асады. Ол өзінің еңбек жолын 2015 жылы Ақмола облысы Атбасар ауданы прокурорының көмекшісі лауазымынан бастаған.
«Кейін әр жылдары Ақмола облыс Атбасар ауданының аға прокуроры және Астрахань ауданы прокурорының орынбасары, Көкшетау қаласы прокуратурасының бөлім бастығы, Ақмола облысы прокуратурасының Экстремизмге және терроризмге қарсы әрекеттер саласындағы заңдылықты қадағалау басқармасы бөлімінің прокуроры, аға прокуроры, Астана қаласы прокуратурасының қылмыстық қудалау бөлімінің аға прокуроры лауазымдарын атқарған», — деп көрсетілген облыстық прокуратураның сайтында.
Ал осы тағайындауға дейін Медет Қанатұлы Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының қоғамдық мүдделерді қорғау қызметі басқармасының аға прокуроры болған.
Айта кетейік, Медет Кафизов президенттік жастар кадрлық резервінде тұр.
«Қазақстан Республикасының прокуратурасына 30 жыл» мерейтойлық медалімен марапатталған.
Тағы оқыңыз: Су тасқынын болатынын синоптиктер желтоқсан айында болжаған