СҚО-ға түркістандық құтқарушылар көмекке келеді

Солтүстік Қазақстанға су тасқыны кезінде көмек көрсету үшін Түркістан облысынан 54 құтқарушы жолға шықты. Олар өздерімен бірге қажетті техникаларын да әкеледі, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.

Өңір құтқарушылары мен жауапты қызметтер су тасқынана қарсы дайындықты қайта-қайта пысықтап, алдын алу жұмыстарын жүргізуде. Осының арқасында Тайынша ауданын су басу қаупі сейілді.

«Шағалалы өзенінен қауіп төнген еді. Онда мұз жару жұмыстары жүргізілді. Оған қоса, 2016 жылы су тасқыны кезінде құрылған дамба бар. Сол суды бөгеп қалды. Қазір су деңгейі төмендеді. Біз жағдайды бақылауда ұстап отырмыз. Су басуы ықтимал деген үйлердің барлығана кіріп, тұрғындармен тілдестік. Олар баспаналарын тастап кетуден бас тартты. Бірақ балаларды туыстарының үйіне орналастырды. Түні бойы алдын алу шараларын жүргіздік», — деді СҚО ТЖД бастығының орынбасары Мұрат Қанғожинов.

Мамандар сонымен қатар, Сергеев су қоймасындағы жағдайды да күнделікті тексереді. Қазір ол 85 пайыздан артық толған. Кешегі күні Астана су қоймасы су жіберді. Ол біздің жаққа екі апта көлемінде жетеді деп болжанып отыр. Сол уақытта Есіл көтеріліп, арнасынан шығуы мүмкін.

Қазіргі кезде су басу қаупі басым аудандарға Петропавлдан құтқарушылар жіберілді. Сондай-ақ көмекке келетін түркістандық 54 құтқарушы да ауылдарға жөнелтіледі.

«Біз синоптик мамандармен әрдайым байланыстамыз, олардың болжамдарымен есептесеміз. Осы күндері қар күндіз еріп, түнде қатқақ болады. Ал алдағы күндері күн жылынады деп күтілуде. Сол кезде қар тез еріп, өзен-көлдердегі мұздың көбесі сөгіледі. Су тасқыны осы аптаның соңында болуы ықтимал», — деді Мұрат Қанғожинов.

Тағы оқыңыз: СҚО-да қоқыс полигондары үшін шенеуніктер жазаланды

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x