1 сәуірден бастап бірінші сыныпқа құжат қабылдау басталады. Өтінім беру процессі 31 тамызға дейін созылады, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.
Ата-аналар баланың құжаттарын egov.kz, sakura24.kz, mektep.smartnation.kz электрондық үкіметтің веб-порталы арқылы тапсыра алады. Бірінші сыныпқа алты жастағы немесе осы жылы алты жасқа толатын балалар ата – анасының немесе заңды өкілінің жеке өтініші негізінде қабылданады.
«Құжатта өтінішпен бірге №065у формасындағы денсаулық жағдайы туралы анықтама, № 052-2/у баланың денсаулық паспорты және баланың екі дана 3х4 фотосуреті болу керек. Өтініш демалыс және мереке күндерді қоспағанда, дүйсенбіден жұмаға дейін қабылданады. Облыс бойынша 7 мың бала бірінші сыныпқа барады деп жоспарланған», — деді облыстық білім басқармасының мамандары.
Тағы оқыңыз:Қозыбаев университеті Huawei компаниясымен серіктес болды