Солтүстік Қазақстанда жүргізілген профилактикалық жұмыс аясында бес ауданда тоғыз ірі қара малдан бруцеллез ауруы анықталды. Аққайың ауданының Ленинское ауылына шектеу шаралары енгізілді, деп хабарлайды  Qazaqstan Media тілшісі.

Бруцеллез ауруы Қызылжар ауданындағы бес бірдейірі қара малдан анықталған. Ал Айыртау, Ақжар, Аққайың және Тимирязев аудандарында бір фактіден тіркелді. Соңғы дерек 25 наурыз күні Ақжар ауданында тіркеліпті. Қазіргі уақытта Аққайың ауданының Ленинское ауылына шектеу шаралары енгізілген. Аталмыш елді мекенде ең алғаш рет бруцеллез 4 шілде күні анықталған болатын.

«Ауырған малдың барлығы сою алаңына жіберілді. Әр 15-20 күн ішінде ауру мал анықталған шаруа қожалықтарында бруцеллезге қарсы тексеріс жүргізілетін болады. Яғни, ірі қарадан ПЦР тест алынады. Егер екі мәрте оң  нәтиже шықса, сол ауылдарға шектеу шаралары енгізілмек. Әзірге тек бір ауылға шектеу қойылды», — деді облыстық ветеринария басқармасының баспасөз хатшысы Аманжол Нұртазин.  

Тағы оқыңыз:СҚО-да 10 жыл мұғалім болған келіншек Ақмола облысында есірткі сатумен айналысқан

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x