СҚО денсаулық сақтау басқармасына жаңа басшы тағайындалды

Солтүстік Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасында бүгін тағайындау болды. Қаныш Бижанов өңірдің бас дәрігері атанды. Ол осыған дейін облыстық фтизиопульмонология орталығына жетекшілік еткен еді, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.

Бижанов Қаныш Болатұлы Қарағанды мемлекеттік медицина академиясын дәрігер-хирург біліктілігін берумен «емдеу ісі» мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын Ғ. Мүсірепов аудандық орталық ауруханасында хирург-дәрігер болып бастаған. Кейін аталмыш мекемеде хирургия бөлімшесінің меңгерушісі болып тағайындалды. 2006 жылы сол мекемеде бас дәрігердің орынбасары болып, бір жылдан соң Ғ. Мүсірепов аудандық емханасының бас дәрігері болып жұмыс істеді. Ал 2009 жылдың сәуір айынан аталмыш аудандағы орталық аудандық аурухананы басқарды.

2016 жылғы 22 ақпанынан бастап Солтүстік Қазақстан облыстық туберкулезге қарсы диспансерге бас дәрігер болып тағайындалды. Кейін Солтүстік Қазақстан жоғары медициналық колледжі директорының міндетін атқарды. 2020 жылдан бастап облыстық фтизиопульмонология орталығына ауысты. Алдымен бас дәрігердің орынбасары болды, кейін басшысы болды. 

«Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы бойынша жоғары біліктілік санаты бар.

Ал осыған дейін басқарманы басқарған Құмар Күсемісов екі айға жуық уақыт бұрын өз еркімен қызметінен кеткен еді.

Тағы оқыңыз: СҚО-да зейнет жасындағы 300-ге жуық медицина қызметкері бар

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x