12 солтүстікқазақстандық келіншек киіз басуды үйренді

Солтүстік Қазақстанның 12 тұрғыны киіз басып үйренді. Олар облыстық кәсіпкерлер палатасының іскер әйелдер кеңесі ұйымдастырған шеберлік сағатына қатысты, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Өткен мерекелік күндерді пайдалы әрі қызықты өткізгендердің бірі – Әсел Есжанова. Ол — өңірлік кәсіпкерлер палатасындағы іскер әйелдер кеңесінің төрағасы. Айтуынша, қазір дымқыл киізді басу сәнге айналыпты. Сондықтан да шеберлік сағатын «Бір ауыл-бір өнім» қозғалысы аясында ұйымдастыруды жөн көрген.

«Аталмыш шара қолөнерді дамытуға бағытталған. Басты мақсат — белсенді әйелдерді қолөнерге үйрету. Кейін олар өз тәжірибелерін өзгелерге де үйрете алады. Күн сайын киізбен жұмыс істеу, одан түрлі бұйым жасау дамып келеді. Сондықтан біздің де нәзік жандарға қажет болар деп шештік», — дейді Әсел Есжанова.

Өңіріміздің белсенді қыз-келіншектеріне ежелгі қолөнер шеберлігін қостанайлық QOLONER қолөнершілер қоғамдық ұйымының жетекшісі Сәуле Қабидулова үйретті.
Облыстың қыз-келіншектерінің қолынан шыққан туындыларды 16-шы наурызда облыстық өлкетану мұражайында өтетін көрмеде тамашалауға болады.

Тағы оқыңыз: Qyzyljar футбол клубына жаңа директор тағайындалды

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x