Биыл «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры Қазақстанның барлық өңірінде «Жаздық жолдама 2024» — қайырымдылық жобасын бастап отыр. Оған Уәлиханов ауданынан жиырма бес бала қатысатын болып, оларға сертификаттар табысталды, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.
«Жаздық жолдама» жобасы жазғы каникул кезінде 5-8 сыныптардың 20 мың оқушысы үшін зияткерлік және шығармашылық дамумен демалысты қамтамасыз етеді. Бұл қайырымдылық жобасы оқуда үздік көрсеткіштерге ие және мектептің қоғамдық өміріне белсенді қатысатын орта сынып оқушыларын қолдауға және ынталандыруға бағытталған.
Жазғы демалысқа жолдама сертификаттарын тапсыру салтанаты Уәлиханов ауданында да ұйымдастырылды. Тиісті сертификаттарды аудан әкімінің орынбасары Дархан Бейсембин табыстады.
«Жарқын мереке – Наурыз қарсаңында жолдамаларды табыстау кездейсоқ емес. Мұндай іс — шаралар өскелең ұрпақ үшін Наурыз мейрамының тұрақты құндылықтарын нығайтуға, сондай-ақ қайырымдылық идеяларын насихаттауға ықпал етеді деп санаймыз», — деді аудан әкімінің орынбасары.
Қайырымдылық жобасы наурыз мейрамын жаңартылған тұжырымдамасын іске асыру мақсатында жүзеге асырылып отыр. 2023 жылы Қазақстанның 17 облысынан 20 мыңға жуық баланы жобаға қатысқан болатын. Олар 26 жазғы лагерьде екі апталық демалыс өткізді.
Тағы оқыңыз: Жазғы демалыс: Жамбылдық 24 оқушыға жолдама берілді