СҚО-да мектеп-интернатта арнайы оңалту орталығы ашылады

Петропавлда  ерекше балалар білім алатын арнайы оңалту орталығы ашылмақ. Мұны өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов айтты, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.

Облыс әкімі Петропавлдағы бірнеше нысандарды аралап, алдағы уақытқа жоспарлар жасады. Мәселен, ерекше балаларға арналған жаңа оңалту орталығы Петропавлдағы №2 арнайы мектеп-интернатында ұйымдастырылады. Осының арқасында оқу процесі жетілдіріліп, балалардың қоршаған ортамен байланысы нығая түспек.

Сонымен қатар «Динамо» стадионы болашақта коньки спортына және көпшілік коньки тебетін орынға айналмақ. Ғауез Нұрмұханбетов дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысына Петропавл әкімімен бірге тиісті есептерді жүргізуді тапсырды.

Одан кейін Ғауез Нұрмұхамбетов көпсалалы қалалық ауруханада болды. Соңғы бес жылда аурухананы материалдық-техникалық жарақтандыруға және жаңартуға 2,5 млрд теңге бөлініпті. Биыл гинекология бөлімшесіне күрделі жөндеу жүргізіледі. 

Тағы оқыңыз: Петропавлда учаскелік полиция пунктінің терезесін сындырған жігіт қамауға алынды

Поделиться:

Shares
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x