Жамбыл ауданына жаңа прокурор тағайындалды

Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының прокуроры болып Берік Ақынбеков тағайындалды. Ол кіші әділет кеңесшісі. Прокуратура органдарында 11 жыл еңбек еткен, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Берік Әмзеұлы еңбек жолын 2012 жылы Алматы қаласы Әуезов ауданы прокурорының көмекшісі лауазымынан бастаған.

Кейін Алматы қаласының қылмыстық істер бойынша соттарында мемлекеттің мүддесін білдіру және сот актілерінің заңдылығын қадағалау бөлімінің прокуроры, Алматы қаласы Алатау ауданы  прокуратурасының қылмыстық қудалау және мемлекеттік айыптаушылар бөлімінің бастығы болды.

Сонымен қатар Бас прокуратураның құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті басқармасының аналитикалық жұмыс бөлімінің (аналитикалық орталық) аға прокуроры болып қызмет атқарды.

2022 жылғы тамыздан бастап құқықтық статистика және арнайы есепке алу департаментінің Алматы облысы бойынша азаматтық және  әкімшілік салалардағы  құқықтық ақпаратты  қалыптастыру  бөлімінің бастығы лауазымында болған.

Тағы оқыңыз: Қазақстандықтар оқулықтардың мазмұнын талқылауға қатыса алады

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x