Президент боранда халыққа көмектескен жандарға алғыс айтты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев боранда жолда қалған азаматтарға көмектескен құтқарушылар мен медицина мамандарына алғыс айтты, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.

«Жуырда еліміздің бірқатар өңірінде табиғат тосын мінез танытып, жағдай қиындаған кезде жергілікті атқарушы биліктің, Төтенше жағдайлар министрлігінің және құқық қорғау органдарының қызметкерлері, медицина мамандары, коммуналдық қызмет пен автомобиль жолдарының жұмысын қамтамасыз ету саласының өкілдері, сондай-ақ басқа да азаматтар халықтың қамы үшін жанқиярлықпен еңбек етті», — делінген жазбада.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев олардың бәріне шын жүректен алғыс айтып, жылы лебізін білдірді. Еңбегі ерен бір топ азамат мемлекеттік наградаға ұсынылды.

Тағы оқыңыз: СҚО-да барлық мектептер 100% интернетке қосылған

Поделиться:

Shares
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x