СҚО-да «Аңсаған сәби» бағдарламасы арқылы соңғы үш жылда 174 бала дүниеге келді

«Аңсаған сәби» бағдарламасы аясында Солтүстік Қазақстан облысына 2024 жылы 189 квота бөлінген. Былтыр квота саны 190 болған еді, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

«Аңсаған сәби» бағдарламасы балалы болуды армандап жүрген жұптар үшін таптырмас мүмкіндік. Мемлекет тарапынан соңғы үш жыл ішінде өңір тұрғындарына 608 квота берілген екен. Нәтижесінде, экстракорпоральды ұрықтандыру (ЭКО) арқылы 174 солтүстікқазақстандық келіншек жүкті болды. Оның 114-і сәбилерін бауырларына басып үлгерген.  Жасанды ұрықтандыру арқылы дүниеге келген нәрестелердің 24-і егіздер. Репродуктолог дәрігерлердің айтуынша, осы жылы, әсіресе шалғайда орналасқан елді мекен тұрғындарына назар аударылмақ. Өйткені бүгінгі күні есепте тұрғандардың дені ауыл азаматтары. Және олар көп жағдайда бұл жобадан қалыс қалып жатады.

«Бүгінгі күні өңірде 923 жұп есепте тұр. Тек қаңтар айында 131 отбасы келіп, жобаға қатысуға ниет білдірді. Әзір біз оның 27-ін бақылауға алдық. Айта кету қажет, егер олар бала көтере алмаса, келер жылы тағы өтініш бере алады. Яғни, ешқандай шектеу жоқ. Биыл Солтүстік Қазақстан облысына мемлекеттік бағдарлама бойынша 189 квота бөлінді. Біз енді шалғай ауылдардағы бала сүйгісі келетін жұптармен жұмыс істеуді қолға аламыз. Осыған дейінгі квоталардың басым бөлігі қала және қала маңындағы аудан тұрғындарына берілген болатын», — деді облыстық перинаталдық орталықтың репродуктолог-дәрігері Виктор Проценко.

Тағы оқыңыз: Президент сынға алған МӘМС жүйесі тоқтай ма?

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x