Петропавлда шатырын қардан тазаламағандарға айыппұл салынады

Петропавлда көпқабатты үйлердің шатырынан қар тазаланбаса мүлік иелері бірлестігінің төрағасы айыппұл арқалауы мүмкін, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Петропавлда көпқабатты үйлердің шатырынан қар түсіру жұмыстары қызған. Орта есеппен бұл жұмысқа 60 мың теңге кетеді. Бірақ баға подъезд бен аумаққа байланысты өзгереді.

«Көпқабатты тұрғын үйлердің шатырынан аққан мұз сүңгілерді болдырмау және сол тұрғын үйлердің шатырындағы қарларды тазалау жұмыстарын аталмыш тұрғын үйлерге қызмет көрсететін ұйымдар жүргізуі қажет. Қар түскен кезден бастап тазалау керек. Бұл — олардың жұмысы», — дейді Петропавл қаласы тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Әсет Ысмағұлов.

Егер де МИБ немесе ПИК төрағалары тұрғындардың ескертуіне құлақ аспаса, онда учаскелік инспекторға арыздануға болады. Одан кейін жауапты тұлғаларға қомақты мөлшерде айыппұл салынады.

Еске сала кетейік, жуырда қалың қардан Абай көшесіндегі 84-ші үйдің шатыры опырылып кеткен болатын. Содан кейін Петропавлда тұрғын үйлердің шатырын жаппай қардан тазалау жұмыстары басталды.

Тағы оқыңыз: СҚО-да экс-полицей пара алып, заңсыз көш-қон ұйымдастырған

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x