СҚО-да жүкті әйел қызылша жұқтырған

Солтүстік Қазақстанда жүкті әйелден қызылша анықталды. Қазір келіншек ауруханада ем қабылдап жатыр, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Бүгінгі таңда стационарда 15 науқас ем қабылдап жатыр. Оның тоғызы бала. Дерт бір жүкті әйелден де анықталған.

«Соңғы тәулікте қызылша жұқтырғандар тіркелмеді. Жансақтау бөлімінде де жатқандар жоқ. Жалпы, бүгіндері дертке қарсы қосымша екпе 18 284 адамға қойылған. Өңірде әлі вакцинаның 20 521 дозасы бар. 95 арнайы бригада жасақталған. Олардың 20-сы қалада орналасқан», — деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Гүлнар Қалиева.

Облыста жіті респираторлық вирустық инфекция жұқтырғандардың да қатары азаймай тұр. Өткен аптамен салыстырғанда, керісінше үш пайызға көбейген.

«Соңғы аптада 4758 солтүстікқазақстандықта ЖРВИ тіркелген. Ауырғандардың дені 14 жасқа дейінгі балалар, 2994 жағдай. Жалпы, эпидмаусым басталғалы, яғни 2023 жылдың қазан айынан бері 65 959 адамнан инфекция анықталды», — деді Гүлнар Қалиева.

Өңірде А типті тұмаудың да 53 жағдайы тіркелген. Бүгіндері стационарда 52 адам ем қабылдап жатыр. Ауру жұқтырғандардың арасында 45 бала және алты жүкті әйел бар.

Тағы оқыңыз: СҚО-да құрылыс компаниялары жергілікті газ блоктар мен қоспаларды пайдаланады

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x