СҚО-да көмір қымбаттады

Солтүстік Қазақстанда көмір бағасы 12 пайызға қымбаттады. Қазір қатты отын тоннасына 12-19 мың теңге аралығында саудаланып жатыр, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі Qazaqstan.tv арнасына сілтеме жасап.

Жалпы облыс аумағында халықтың тұрмыстық қажеттіліктері үшін көмір сататын арнайы 32 орын бар, оның 4-еуі Петропавлда орналасқан. Қатты отынды бөлшек саудада 24 кәсіпорын сатады. Тұрғындар болса, амалдың жоқтығынан қымбат болса да, көмірді алуға мәжбүрміз деп отыр.

«Зейнеткермін. Бұл баға мен үшін қымбат. Бірақ, амал жоқ. Құны қанша болса да, көмірді қажетті мөлшерде сатып алуға мәжбүрміз», — дейді Петропавл қаласының тұрғыны Григорий Коваль

Өңір тұрғындары жылыту маусымында орта есеппен 419 мың тонна көмір тұтынады. Әкімдік өкілдерінің айтуынша, қатты отынның қоры жеткілікті. Мониторинг жүргізген мамандар бағаның қымбаттауы бірнеше факторға байланысты екенін айтады.

«Кен орындарының өзінде көмірді сатып алу бағасы өсті. Теміржол тарифтері де шарықтап кетті. Сондай-ақ еңбекақы да артты. Осының барлығы бағаның өсуіне алып келді», — деп түсіндірді бәсекелестікті қорғау және дамыту департаменті басшысының міндетін атқарушы Аслан Әлібаев.

Тағы оқыңыз: Петропавл қаласына жаңа прокурор тағайындалды

Поделиться:

Shares
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x