Петропавлдағы С. Мұқанов атындағы театрдың ескі ғимаратында креативті орталық ашу жоспарлануда

Петропавлдағы С. Мұқанов атындағы қазақ сазды- драма театрының ескі ғимаратына ғылыми-реставрациялау жұмыстары жүргізілмек. Қазіргі уақытта жобалық құжаттама әзірленіп жатыр, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі

Театр 2000 жылы 15 маусымда С. Мұқановтың 100 жылдық мерейтойымен тұспа-тұс ашылған болатын. Сондықтан өнер ордасына жазушының есімі беріліп, ең бірінші рет «Аққан жұлдыз» спектаклі сахналанды.  Театрдың алғашқы актерлері Қазақ ұлттық өнер академиясының түлектері еді.

24 жылдық тарихы бар жас театр ұжымына 2022 жылдың қараша айында Петропавлдағы «Жас өркен» ықшам ауданынан  жаңа ғимарат беріліп, тұсауы кесілген. Сол уақыттан бері ескі ғимарат қаңырап бос тұрған. Ал 2023 жылдың желтоқсан айынан бастап нысан облыстық халық шығармашылығы және мәдени  бос уақыт орталығы көшірілді. Жақында ғимартқа реставрациялау жұмыстары жүргізілмек.

«Ғимарат облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының  балансында. Нысанға жөндеу жұмыстарын жүргізу қажет. Осыған байланысты «Күмбез» ЖШС қазіргі уақытта ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүргізу үшін  құжат әзірлеп жатыр. Ғимаратты ұстауға облыстық бюджеттен 2024 жылға 16 115 000 теңге қаржы қарастырылған. Жөндеу жұмыстарынан кейін  театр ғимаратында креативті орталық ашу жоспарлануда», -деді облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының мамандары.

Тағы оқыңыз:Қызылжар ауданының әкімі қызметінен кетті

 

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x