Петропавлда шатыры құлаған үй ТКШ жаңғырту бағдарламасы арқылы жөнделмек

Бүгін Петропавлдағы көпқабатты үйлердің бірінің шатыры құлады, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Оқиға Абай көшесі, 84 үйде болған. Бұл туралы редакциямызға тұрғындар хабарлады. Бес қабатты баспананың шатыры бір жаққа қисайып, жерге құлаған.

Петропавлда шатыры құлаған үй ТКШ жаңғырту бағдарламасы арқылы жөнделмек Петропавлда шатыры құлаған үй ТКШ жаңғырту бағдарламасы арқылы жөнделмек Петропавлда шатыры құлаған үй ТКШ жаңғырту бағдарламасы арқылы жөнделмек

“Жерде шатырдың қираған бөлшектері жатты. Опырылып түседі ме деп қатты қорықтық”, — дейді үй тұрғындары.

Оқиға болған жерге қала әкімі мен құзырлы органдар келіп, шатырдың жағдайын көрді. Сөйтіп, 45 жыл жөндеу көрмеген 90 пәтерлі үйдің шатыры алдағы уақытта жөндеу көрмек.

Петропавлда шатыры құлаған үй ТКШ жаңғырту бағдарламасы арқылы жөнделмек

“Шатыр ескі. Қар көп жауғандықтан шыдамаған. Оның үстіне қар тазартылмайды. Қазір тұрғындармен кездесіп, ақылдасып, шатырды тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту бағдарламасы арқылы қалыпқа келтіреміз. Бұл шаруаға бірден кірісеміз. Тұрғындар ешқайда көшірілмейді”, — деді қала әкімі Серік Мұхамадиев.

Тағы оқыңыз: “Жезқазған-Петропавл” тасжолында тексеріс жүргізіліп жатыр

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x