СҚО-да бірнеше кісіні өлтірген ер адам бостандыққа шықты

Солтүстік Қазақстан облысында бірнеше адамды өлтіріп, 25 жылға сотталған ер адам 12-ші қаңтарда бостандыққа шықты, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Бірнеше адамың өмірін қиған қылмыскер қазір 60 жаста. Ол түрмеден 12-ші қаңтар күні босап шыққан.

“Бас бостандығынан айыру орындарынан соттылығы толық өтелгенге дейін 8 жыл мерзімге әкімшілік қадағалау белгілей отырып, жаза мерзімін өтеу бойынша Петропавл қаласының 60 жастағы тұрғыны босатылды.
Бостандыққа шыққан ер адам облыс орталығына келген соң, әлеуметтік бейімдеу орталығына орналастырылды. Полиция оны «әкімшілік қадағалауда тұрған адам» санаты бойынша профилактикалық есепке алды”,- деп хабарлады СҚО ПД баспасөз қызметі.

Ол облыс орталығында бірнеше адамды өлтіріп, аса ауыр қылмыс жасағаны үшін 25 жылға сотталған болатын. Тәртіп сақшылары оны тексеру кестесін жасаған. Жергілікті полиция қызметі, криминалдық полиция бөлімінің басшылығы, сондай-ақ аймақтық жедел уәкілдер мен учаскелік полиция инспекторлары жауапты болып тағайындалды.

“Сот есепте тұрған адамға қатысты мынадай шектеулер белгіледі: тұрғылықты үйін сағат 22-ден таңғы 6-ға дейін қалдыруға, қала сыртына шығуға, ішімдік мен есірткі тұтынуға, демалыс орындарына баруға тыйым салынады. Белгіленген талаптарды бақылау үшін электрондық бақылау құралы (электронды білезік) қолданылды”, — деп нақтылады ведомстваның баспасөз қызметі.

Тағы оқыңыз: Петропавлда концлагерь тұтқыны болған тыл еңбеккерлері мен куәгерлері марапатталды

Поделиться:

Shares
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x