Жауап алудан кейін өз-өзіне қол жұмсаған: Антикор СҚО-дағы оқиғаға қатысты пікір білдірді

Антикор жуырда Солтүстік Қазақстан облысында болған қайғылы оқиғаға қатысты пікір білдірді. Мұнда білім бөлімінің басшысы парамен ұсталып, оның қарамағындағы қызметкер өз-өзіне қол жұмсаған болатын, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Жуырда Тимирязев ауданы білім бөлімінің басшысының ұсталғандығы туралы ақпарат тараған болатын. Қазір оған қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Лауазымды тұлға делдал арқылы мердігер ұйым өкілінен 1,2 млн теңге мөлшерінде пара алған. Заңсыз сыйақы екі мектепті күрделі жөндеу бойынша орындалған жұмыс актілеріне кедергісіз қол қою үшін арналған екен.

Ал оның қарамағындағы қызметкер сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінде жауап алуға қатысып, кейін өз-өзіне қол жұмсаған. Кеше Антикордың ресми өкілі Арман Тілеукенов осы іске қатысты түсініктеме берді.

«Ол тергеуге жан-жақты көмек көрсетті, оған қатысты процессуалдық мәжбүрлеу шаралары қолданылмады, ол облыс аумағында емін-еркін жүріп-тұрды. Қазіргі уақытта полиция өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу дерегі бойынша сот алды тергеу амалдарын жүргізіп жатыр», — деді Арман Тілеукенов.

Тағы оқыңыз: Ғ. Нұрмұхамбетов: Су басу қаупі бар аудандарды ерекше назарда ұстау қажет

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x