СҚО-да 90-ға жуық ауылды су басу қауіпі бар

Солтүстік Қазақстандағы 87 ауылды су басуы мүмкін. Себебі, биыл өңірде қар қалың жауды. Сондай-ақ оның құрамындағы ылғалдың мөлшері нормадан бірнеше есе көп. Әрі қатты аяздың салдарынан жердің тоңы бір метрге дейін қатып қалған. Яғни, күн күрт жылынса, еріген қар суы сіңбей, жан-жаққа жайылуы ықтимал, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

«Казгидромет» мамандары күніне екі мәрте Есіл өзініне шығып, мұздың қалындығымен ағыстың жылдамдығын өлшейді. Әрі ауылдарды аралап, қардың тығыздығын тексереді екен. Синоптиктердің айтуынша, кей жерлерде ақ ұлпа құрамындағы ылғалдың мөлшері былтырға қарағанда алты есеге көп.

«Биыл өңірде қар кеш жауды. Ал оның құрамындағы ылғалдың мөлшері шамадан тыс жоғары. Бұл -көктемде су көп болады деген сөз. Дегенмен біз наурыз айында нақты гидрологиялық болжам жасайтын боламыз», -дейді «Қазгидромет» МКК СҚОФ директоры Қымбат Мерғалымова.

Өңірде қараша мен желтоқсан айларында жаңбыр жауды. Салдарынан жердің беті 121 сантиметрге дейін қатып қалған. Сондықтан құтқарушылар 87 елді мекенді қатаң бақылауға алды. Олардың көбі су қоймаларының маңында орналасқан. Аталған ауылдарда бүгінде бес мыңнан астам адам тұрады.

«Ақпан айынан бастап, біз дайындық жұмыстарын  күшейтетін боламыз. Жедел штаб құралады. Күн жылыған соң, өзен-көлдерде мұз жарамыз. Ұлттық ұлан сарбаздары мен полиция қызметкерлерінен 475 адамнан тұратын арнайы құрам жасақталады. Бұдан бөлек, 135 техника бүгінде дайын», — деді ТЖД бөлімі бастығының міндетін атқарушы Ернар Рүстем.

Қаңтар, ақпан, наурыз айы да жауын –шашынды болады деген болжам бар. Сол себепті жергілікті атқарушы билік өкілдері қар шығару жұмыстарын күшейту керектігін ескертеді. Осы күнге дейін ауылдардан 215 мың текше метрден астам ақ ұлпа шығарылған екен.

Тағы оқыңыз:Солтүстік Қазақстанда жеті ауылдың әкімі сайланады

 

Поделиться:

Shares
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x