СҚО-да жыл басынан бері 23 интернет-алаяқтық фактісі тіркелді

Былтыр облыста 771 интернет-алаяқтық фактісі тіркелген. Оның 372-сі «банктен қоңырау шалу» әдісімен жасалған, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

11 күн ішінде өңірде 23 интернет-алаяқтық фактісі тіркелді. Криминалдық полиция басқармасының айтуынша, бүгінгі таңда бұл қылмыс түрі өзекті проблемалардың біріне айналған. Алаяқтар көбіне қоңырау шалу және әлеуметтік желілерге тауарлар мен қызметтер туралы жалған хабарландырулар орналастыру арқылы тұрғындарды өз арбауына түсіреді екен. Қылмыскерлер алдын ала төлем талап етіп, WhatsApp мессенджері арқылы хабарласып түрі мен тауарды көрсетпеу үшін бейнеқоңырау арқылы сөйлесуден бас тартатын көрінеді.

«Біздің мақсатымыз киберқылмыстар санын азайту. Біз адамдарды осындай қауіп туралы хабардар етіп, интернет-алаяқтық фактілерін болдырмауымыз қажет. Сондықтан тұрғындар да жақындары мен туыстарына бұл ақпаратты жеткізуі тиіс. Және әрбір қоңырау шалған адамға сенбеулерін сұраймыз. Қазір өңірде алаяқтардың арбауына түсіп жатқан азаматтар көп», -дейді СҚО ПД криминалдық полиция басқармасының жедел уәкілі Милена Балацкая.

Тағы оқыңыз:Депутаттар Қазақстанға шетелден әкелінетін көліктердің бастапқы тіркеу құнын азайтуды ұсынды

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x