СҚО полицейлері із-түссіз жоғалған 475 адамды іздеп тапты

Былтыр СҚО полицейлері із-түссіз жоғалған 475 адамды іздеп тапты. Оларға көп жағдайда волонтерлер көмектескен, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

СҚО ПД криминалдық полиция басқармасының ақпаратынша, 2023 жылы адамдардың жоғалуына қатысты 477 арыз келіп түскен. Бүгінгі таңда 475 адамның жүрген жері анықталды. Көбіне іске волонтерлер кірісіп, іздестіру шараларын жүргізеді. Нәтижесінде 28 жоғалған адам еріктілердің көмегімен табылған.
Осындай жағдайлардың бірі Ғ. Мүсірепов ауданында болды. 7 қаңтар күні 11 жастағы жасөспірімнің жоғалғаны туралы ата-анасы сағат 19:30 шамасында хабарлаған. Олардың айтуынша, ер бала қоқыс лақтыруға шығып, үйге оралмаған. Іздеу жұмыстарына полицияның барлық сыртқы бөліністегі қызметкері қатысты. Бұдан бөлек, аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері, ұстаздар мен жұртшылық жұмылдырылды.

“Полицейлерге “Lider.kz” волонтерлар ұйымының өкілдері көмекке келді. Олар жоғалған бала туралы ақпаратты әлеуметтік желілерде таратты. Іздеуге атсалысқан еріктілер көппәтерлі үйлердің кіреберістерін, жертөлелері мен шатырларын тексерді. Түнгі сағат 00:00 шамасында олар баланы үйлердің бірінің кіреберісінен тапты”, — делінген СҚО ПД хабарламасында.

Тағы оқыңыз:  Депутаттар Қазақстанға шетелден әкелінетін көліктердің бастапқы тіркеу құнын азайтуды ұсынды

Поделиться:

Shares
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x