Қазақстанда рұқсат етілмеген жерге қоқыс тастағаны үшін салынатын айыппұл мөлшері артады

ҚР экология және табиғи ресурстар министрі елімізде қоқысты тыйым салынған жерге тастағаны үшін жауапкершілікті күшейту қажет дейді. Мұны ол үкімет  отырысында айтты, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаевтың айтуынша, түзетулер «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне елорда мен республикалық маңызы бар қалаларды дамыту мәселелері бойынша өзгерістер және толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы аясында қарастырылған.

«Мысалы, жеке тұлғаға құқық бұзушылық жасалған жағдайда – 50 АЕК-тен 100 АЕК-ке дейін (172,5 мыңнан 345 мың теңгеге дейін) айыппұл салынады, ал шағын кәсіпкерлік субъекттер, я болмаса коммерциялық емес ұйымдар құқық бұзушылық жасаса, оларға – 100 АЕК-тен 200 АЕК-ке дейін (345 мыңнан 695 мың теңгеге дейін) айыппұл салынады», – деді ол.

Тағы оқыңыз: СҚО-да полицей аңшы мылтығын заңсыз пайдалануға рұқсат берген

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x