СҚО-да жыртқыш аң қойларға шабуыл жасаған

Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданында жыртқыш аң 44 қойды қырып тастаған. Полицейлердің болжамынша, ол сілеусін болуы мүмкін, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Оқиға 16-шы желтоқсанда болған. Айыртау аудандық полиция бөліміне учаскелік полиция инспекторы мал шаруа қожалықтарының бірінде 44 қойдың өлексесі табылғаны туралы ақпарат береді. Оларды шопандар сағат 05: 00 шамасында тапқан.

Оқиға болған жерге жеткен жедел-тергеу тобы өлген малдардың көмейінен азу тістердің ізін байқайды. Бір қойдың өлексесі жартылай желініпті. Полицейлер бірден иттер емес, жабайы аңның ізі екенін анықтайды.

«Аумақты тексеру кезінде 500-600 метр қашықтықта сілеусін ізіне ұқсас іздер табылған. Алдын ала болжам бойынша, келтірілген материалдық шығын көлемі шамамен 1 000 000 теңгені құрайды. Тексеріс жүргізілуде», — деді Айыртау аудандық ПБ бастығы Марат Серкешев.

Тағы оқыңыз:  Петропавлдық кәсіпкер жылыжайдан күніне 6 тонна қияр жинайды

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x