Солтүстік Қазақстан облысындағы «SMBGROUP Family» ЖШС «Алтын сапа» сыйлығыныңлауреаттарын марапаттау рәсімі аясында жыл сайынберілетін «Іскер« арнайы сыйлығымен марапатталды. Іс-шараға Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқатысты, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Биыл «Алтын сапа» Президенттік сыйлығына 221 компания үміткер болған. Олардың арасындасолтүстікқазақстандық «Изолит» және«Қазмясопродукт» ЖШС-і де бар. Қарашада айында«Қазақстанның үздік тауары» көрмеконкурсыныңөңірлік кезеңінің 7 жеңімпаз компаниясы Астанадағыреспубликалық кезеңде біздің өңірді таныстырды. Олардың қатарында жас бірақ табысты «SMBGROUP Family» ЖШС бар. 2020 жылдан бастап кәсіпорын бигбэгтер, слингбэгтер өндірісімен айналысады.

«SMBGROUP Family» компаниясы бұл байқауға алғашрет қатысты. Нәтижесінде бүгін Астанада «Алтын сапа» және «Қазақстанның үздік тауары» қатысушыларыныңқатарынан көрінді. Және өз қызметінде белгілі біржетістіктерге қол жеткізген, тауарларын үнеміжетілдіруге ұмтылатын компанияларға берілетін «Іскер»байқауының арнайы номинациясына ие болды», дедіСҚО Кәсіпкерлер палатасының директоры Есжан Оразалин.

Естеріңізге сала кетейік, Петропавлда «SMBGROUP Family» ЖШС 2020 жылы іске қосылды. Кәсіпорында234 қызметкер жұмыс істейді. Компания негізінензаманауи жабдықты пайдалана отырып үлкен сөмкелер, бигбэгтер, слингбэгтер мен вагондық ішпектер жасайды.

«Біздің компания өз қызметін 2020 жылы бастады. Пандемияға және полимерлердің бағасыныңқымбатауына қарамастан үш жыл ішінде жақсынәтижеге жеттік. Компания ұжымының үйлесімдіжұмысының арқасында «Іскер» сияқты марапатқа иеболдық.  Біз өзіміз өндіретін өнімдердің осындайжоғары марапатқа ие болғанына өте қуаныштымыз.  Алдағы уақытта біз өз тауарларымыздың сапасынжақсарту үшін одан әрі жұмыс істейтін боламыз», деді«SMBGROUP Family» ЖШС директоры Мұқан Садуов.

 

 

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x