Солтүстік Қазақстан облысы Смирново ауылында екі қабатты тұрғын үйде газ баллоны жарылып, 12 жастағы қыз қайтыс болды, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі

Осыған дейін Qazaqstan Media редакциясы Аққайың ауданы нда болған төтенше жағдай жайлы материал жазған еді. Ал енді оқиғаның мән-жайы анықталды. Қайғылы жағдай Титов 11 мекенжайы бойынша орналасқан екі қабатты тұрғын үйде болды. 2-ші қабаттағы пәтерлердің бірінде газ баллоны жарылып, 60 шаршы метр аумақ өртенген. Салдарынан 12 жастағы қыз қайтыс болды. Тағы 22 жастағы ер азамат аудандық ауруханаға жеткізілген. Баспанадан 9 адам қауіпсіз жерге шығарылды.

«Жарылыс туралы қоңырау 101 қызметіне 14:50-де түсті. Өрт 17 сағат 3 минутта ауыздықталды. Қызыл жалынмен күреске 4 техника мен 15 адам тартылды», — деді облыстық ТЖД баспасөз қызметі

Төтенше жағдай орын алған жерге облыс әкімі бастаған жауапты мамандар барды. 
Тағы оқыңыз:
Смирново ауылында тұрғын үйделердің бірінде газ баллоны жарылды: қаза тапқандар бар

 

Поделиться:

Shares
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x