СҚО-да 500-ден астам елді мекен интернетпен қамтылған

Солтүстік Қазақстанда үш жыл ішінде 160-тан астам ауыл интернетпен қамтылған. Мұны орталық коммуникациялар қызметінде өңірдің 10 айдағы даму қорытындылары туралы баяндап, журналистердің сұрақтарына жауап берген аймақ басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов айтты, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Бүгіндері СҚО-дағы 275 мың тұрғыны бар 539 елді мекен әртүрлі технологиялар бойынша интернетке қосылған. «Қолжетімді интернет» ұлттық жобасы шеңберінде 2024-2027 жылдары 304 ауылды талшықты-оптикалық байланыс желісіне қосу жоспарлануда.

«Мемлекет басшысының ауылдағы білім нысандарын жылдам интернетпен қамтамасыз ету» тапсырмасын орындау мақсатында облыс мектептерінің 100 % интернет желісіне қосылған. Байланыс операторларымен бірлесіп жылдамдықты арттыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Атап айтқанда, 170 мектеп «Старлинк» спутниктік желісі арқылы қосылады», – деді облыс әкімі.

Тағы оқыңыз: Бұрқасын, көктайғақ: Ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x