СҚО-да тағайындалғанына 5 ай ғана болған аудан әкімі жұмыстан кетті

Солтүстік Қазақстанда шілденің бірі ғана аудан әкімі болып тағайындалған Медет Оспанов өз еркімен жұмыстан кетті. Бұл ақпаратты облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі растап отыр, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Медет Оспанов 1985 жылы 20 сәуiрде СҚО Шал ақын ауданы Жаңасу ауылында дүниеге келген.

М. Қозыбаев атындағы Солтүстiк Қазақстан мемлекеттiк университетiн «Тарих, экономика және құқық негiздерi» мамандығы бойынша, Қазақстан-Ресей университетiн «Экономика» мамандығы бойынша бiтiрген.

Еңбек жолын 2006 жылы Петропавлдағы Әл-Фараби мектеп-лицейiнде тарих пәнінің мұғалiмi болып бастады.

2007 жылы Солтүстiк Қазақстан облысының iшкi саясат департаментiнде бас маман.  

2007-2011 жылдар аралығында Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмi орынбасарының көмекшiсi болып еңбек етті.

2011-2014 жылдар аралығында Шал ақын ауданы әкiмi аппаратының басшысы болса, 2015-2017 жылдары Тайынша ауданы әкiмi аппаратының басшысы, әкімнің ауыл шаруашылығы және кәсiпкерлiк мәселелер жөнiндегi орынбасары лауазымында еңбек етті.

Ал 2017-2020 жылдар аралығында Уәлиханов ауданын басқарған. Кейін СҚО кәсiпкерлiк және индустриялы-инновациялық даму басқармасының басшысы болды. Содан соң ол Есіл ауданы әкімінің қызметін атқарған болатын. Ал биыл 1-ші шілдеде ол Жамбыл ауданының әкімі болып тағайындалды. Алайда араға 5 айға жуық уақыт салып ол өз еркімен жұмыстан кеткен.

«Медет Дулатұлы Оспанов өтініш жазып, өз еркімен жұмыстан кетті. Оның өтініші қарашаның 17-сі қабылданды», — деді облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Ауданға жаңа әкім келгенше оның міндетін орынбасары атқаратын болады.

Тағы оқыңыз: СҚО-да экология талаптарын бұзғаны үшін екі ауыл әкімі жазаланды

 

 

 

 

 

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x