Желтоқсан айында республикамыздың басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады. Солтүстік өңірдеқар жауып, арасында боран соғады. Ал оңтүстік өңірлерде жауын-шашын болады, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.

Синоптиктердің хабарлауынша, желтоқсан айында жиі тұман түсіп, көктайғақ болады. Айдың басында еліміздің солтүстік-батысында және солтүстігінде соққан желдің екпіні 30 м/с және одан да жоғары болады деп болжануда. Желтоқсанның бірінші онкүндігінің екінші жартысында арктикалық суық ауа массаларының ығысуына байланысты ел аумағында ауа температурасы айтарлықтай төмендейді:

елдің батысында ауа температурасы: түнде: -10…-20°C дейін, күндіз: -3…-13°C дейін;

солтүстікте, солтүстік-батыста, шығыста жәнеорталықта ауа температурасы түнде: -20…-30°C дейін, күндіз -10…-20°C дейін;

республикамыздың оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында түнде: -10…-20°С дейін, күндіз: -2…-10°С дейін.

Желтоқсанның екінші және үшінші онкүндіктеріндециклондардың әсерінен бірнеше қарқынды жылутолқындары жүреді деп күтіледі:

«ҚР солтүстік бөлігінде ауа температурасы түнде: -5…-10°С дейін, күндіз: 0…-5°С дейін жоғарылайды. ҚР оңтүстік бөлігінде ауа температурасы түнде: -3…+3°С дейін, күндіз: +5…+13°С дейін», деп хабарлайды синоптиктер.

Болжам бойынша еліміздің солтүстігінде жауын-шашын нормадан көп болады.

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x