Солтүстік Қазақстан облысының тумасы туризм және спорт вице-министрі қызметіне тағайындалды

Үкімет қаулысымен Серік Жарасбаев ҚР туризм және спорт вице-министрі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Серік Жарасбаев 1984 жылы Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін, Ресей халықаралық олимпиада университетін тәмамдаған. Маманданығы — дене шынықтыру және спорт, мемлекеттік және жергілікті басқару, спорттық әкімшілендіру.

2006-2007 жылдары Петропавлдағы балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде бокстан жаттықтырушы-оқытушы, нұсқаушы-спортшы болып жұмыс істеді. 2007-2010 жылдары — СҚО туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының бас маманы, оқу-спорт бөлімінің басшысы.
2011-2012 жылдары туризм және спорт министрлігінің спорт комитеті басқармасының сарапшысы, бас сарапшысы; СҚО туризм, дене шынықтыру басқармасы басшысының орынбасары болып жұмыс істеді.
2012-2014 жылдары спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің доғары жетістіктер спорты және спорт резерві департаментінің жазғы спорт түрлері басқармасының басшысы, спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің жоғары жетістіктер спорты және спорт резерві департаментінің директоры қызметтерін атқарған.
2014-2021 жылдары мәдениет және спорт министрлігінде түрлі лауазымдық қызметтер атқарды.
2021 жылдан бастап — «Қазақстандық керлинг, едендік керлинг және петанга федерациясы» РҚБ бірінші вице-президенті.
2021-2023 жылдары аралығында мәдениет және спорт вице-министрі болды.

Тағы оқыңыз:  Петропавлда “Әскери логистика. Тарихы, жағдайы және даму перспективалары” атты халықаралық ғылыми-практикалық концеренция өтті

 

Поделиться:

Shares
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x