Биыл 10-шы сәуірден бастап қаңғыбас жануарларды зарарсыздандыру жұмыстары басталды. Бүгінгі күні иесіз қалған 298 үй жануары вакцинацияланып, чиптелді. Оның 3-уі мысық, қалғаны ит, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Аудандар мен Петропавл қаласының ветеринариялық станциясының мамандары әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардағы жануарларды сәйкестендіруді бастады. Бүгінгі таңда 1890 ит-мысыққа анықтау жүргізілді. Халықтың осал топтары үшін 12759 чип сатып алынды.

«Облыста «ТАNBA» жануарларды есепке алу бойынша ақпараттық сервис жұмыс істейді. Бұл жүйеде жануарлармен жұмыс істеуді жүзеге асыратын 25 ұйым тіркелген. Ол — 14 — ветеринариялық станция, 7 — ветеринариялық клиника, 2 — аулау қызметі, 1 — қоғамдық қормен қаңғыбас ит-мысықтарды қабылдайтын орын. Үй жануарларын есепке алу ережелеріне сәйкес 6878 үй жануары тіркелді. Оның басым бөлігі, яғни 4030 ит болса, 2848 мысық», — дейді СҚО ветеринария басқармасының баспасөз хатшысы Аманжол Нұртазин.

Тағы оқыңыз: «Зенченко және К” КС-нен алаяқтар 85 млн теңге ұрлаған

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x