Облыстың 7 мыңға жуық тұрғыны әлі жарықсыз отыр. Мағжан Жұмабаев, Қызылжар, Аққайың, Тимирязев, Шал ақын, Есіл аудандарында электр энергиясын қалпына келтіру жұмыстары жалғасып жатыр, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.
Қазіргі уақытта Жамбыл және Мамлют аудандары толықтай жарықпен қамтамасыз етілді. Ал, Мағжан Жұмабаев және Есіл аудандарындағы электр желілерін қалпына келтіру жұмыстары әлі де жалғасып жатыр. М. Жұмабаев ауданында қатты боран салдарынан «ПТЭЦ-2-Булаев-мұнай» ӘЖ-110 кВ тірегі зақымданған. Салдарынан, аудан толығымен электр энергиясынсыз қалды. Жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Аудан тұрғындарына жарық кезең-кезеңімен бірілетін болады.
«Петропавлдан Аққайың ауданына дейін 10 кВ электр желісінің үзілуі тіркелген. Оны қалыпқа келтіру үшін қосымша 4 бригада жұмылдырылды. «СК АЭК» АҚ күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр», — дейді «Севказэнерго» АҚ баспасөз қызметі.