Петропавл тұрғыны есірткіні қызметтік автокөлікпен тасымалдаған

34 жастағы қала тұрғыны есірткіні қызметтік автокөлігінде тасымалдаған. Ол биыл сәуір айында ұсталып, 10 жылға сотталды, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Жігіт синтетикалық есірткінің партияларын қабылдап алып, алдын ала жоспарланған орындарға жасырып отырған. Тыйым салынған заттарды тасымалдау үшін өзі жұмыс істейтін кәсіпорынның автокөлігін пайдаланған. Ер адам 9 және 11 сәуір күндері жоғарыда отырған “кураторларымен” жазыса отырып, α-PvP есірткісі салынған екі үлкен пакетті іздеп тапты. СҚО ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері оны Петропавл қаласының шетінде орналасқан Мещан орманында ұстады. Ер адамнан жалпы салмағы 22,91 грамм болатын психотроптық заттар салынған 51 түйіншек тәркіленіп алынды. Бұл аса ірі мөлшерге жатады.

«Тергеу барысында ұсталған ер адамның өткен жылдың желтоқсан айында есірткі таратумен айналыса бастағаны белгілі болды. Әдетте есірткі дилерінің жұмысы көпке созылмайды. Қазіргі уақытта қала тұрғыны қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Соттың үкіміне сәйкес ол 10 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды. Қазір жазасын өтеп жатыр», – дейді СҚО ПД ЕҚҚІҚБ бастығы Руслан Сапаров.

Поделиться:

Shares
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x