Тұрғын үй кезегінде тұрған петропавлдықтар қайта құжат тапсырады

Тұрғын үй кезегінде тұрған петропавлдықтар құжаттарын жаңартуы тиіс, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Петропавл қалалық әкімдігі құжаттары жаңаруы тиіс адамдардың тізімін жариялады. Олар Қазақстан Конституциясы көшесі, 23 мекенжайына келіп, 217-кабинетте отырған мамандарға келесі құжаттарды тапсыруы тиіс:

– 2007 жылдан 2011 жылға дейін есепке қойылған «жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар»;

– Халықтың әлеуметтік осал топтары (толық емес отбасылар; заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілетін аурулар тізімінде көрсетілген кейбір созылмалы аурулардың ауыр түрлерінен зардап шегетін адамдар);

– жасы бойынша зейнеткерлер;

– 1 және 2 топтағы мүгедектігі бар адамдар;

– жеңілдіктері бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер;

– 2006 жылдан бастап 2009 жылғы наурызды қоса алғанда есепке қойылған «мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар»;

– 2006 жылдан 2020 жылға дейін есепке қойылған «Көпбалалы отбасылар» (оның ішінде «Алтын алқа», «Күміс алқа», I және II дәрежелі «Ана даңқы» немесе «Батыр ана» атағы бар көпбалалы аналар).

Сондай-ақ, әкімдік мамандары отбасы құрамы өзгерген кезде растайтын құжаттарды (жеке куәлік/паспорт, неке қию туралы куәлік, некені бұзу туралы куәлік, балалардың туу туралы куәлігі) және ҚР бойынша отбасының барлық мүшелеріне жылжымайтын мүліктің жоқтығы туралы анықтаманы ұсынуды сұрайды.

Тағы оқыңыз: Тәуелсіздік күні мерекесіне үш күн демалыс беріледі

 

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x