Тұрғын үй кезегінде тұрған петропавлдықтар құжаттарын жаңартуы тиіс, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.
Петропавл қалалық әкімдігі құжаттары жаңаруы тиіс адамдардың тізімін жариялады. Олар Қазақстан Конституциясы көшесі, 23 мекенжайына келіп, 217-кабинетте отырған мамандарға келесі құжаттарды тапсыруы тиіс:
— 2007 жылдан 2011 жылға дейін есепке қойылған «жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар»;
— Халықтың әлеуметтік осал топтары (толық емес отбасылар; заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілетін аурулар тізімінде көрсетілген кейбір созылмалы аурулардың ауыр түрлерінен зардап шегетін адамдар);
— жасы бойынша зейнеткерлер;
— 1 және 2 топтағы мүгедектігі бар адамдар;
— жеңілдіктері бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер;
— 2006 жылдан бастап 2009 жылғы наурызды қоса алғанда есепке қойылған «мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар»;
— 2006 жылдан 2020 жылға дейін есепке қойылған «Көпбалалы отбасылар» (оның ішінде «Алтын алқа», «Күміс алқа», I және II дәрежелі «Ана даңқы» немесе «Батыр ана» атағы бар көпбалалы аналар).
Сондай-ақ, әкімдік мамандары отбасы құрамы өзгерген кезде растайтын құжаттарды (жеке куәлік/паспорт, неке қию туралы куәлік, некені бұзу туралы куәлік, балалардың туу туралы куәлігі) және ҚР бойынша отбасының барлық мүшелеріне жылжымайтын мүліктің жоқтығы туралы анықтаманы ұсынуды сұрайды.
Тағы оқыңыз: Тәуелсіздік күні мерекесіне үш күн демалыс беріледі