Тайынша ауанындағы Аймақ ауылында «Memolux» серіктестігі бірнеше нысанның құрылысын жүргізіп жатыр. Ол қоспажем зауыты, диірмен кешені мен астық қоймасы, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.
Жаңа нысандардың құрылыс барысымен облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов танысты. Ауылда салынып жатқан жобаның құны — 6,8 млрд теңге. Жаңа 50 жұмыс орны ашылады. Компания қойма сыйымдылығын 300 мың тоннаға дейін ұлғайтып, 1 миллион тоннаға жуық астық пен өңделген өнімді экспорттауды жоспарлап отыр.
Сонымен қатар, өңір басшысы Ильичевка ауылында су тарату желілерінің құрылысын бақылап, майлы дақылдарды өңдеумен айналысатын «Тайынша Май» серіктестігінде болды. Ал, Келлеровка ауылында дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысын қарап, аудан орталығындағы қазандықтың жұмысын тексерді.
Тағы оқыңыз: Қазақстанда ауыл тұрғындары жиі ажырасатын болған