Петропавлдағы жаңа көпсалалы аурухана қашан қолданысқа беріледі?

Петропавлда салынып жатқан көпсалалы аурухана облыстағы сақалды құрылыстардың біріне айналды. Нысан қолданысқа қашан берілетіндігін тілшілер ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Вячеслав Дудниктан сұрап білді, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Осыдан бірнеше жыл бұрын түрік инвесторлары көпсалалы аурухананың құрылысын бастаған болатын. Ол 2021 жылы алғашқы пациенттерді қабылдау керек еді. Алайда нысанның құрылысы әлі аяқталмай отыр. Оның себебін БАҚ өкілдері вице минстрден сұраған еді. Вячеслав Дудник аурухананың нақты қай уақытта ашылатындығын айтқан жоқ. Бірақ жоба міндетті түрде аяқталатындығын жеткізді.

«Аурухана мемлекеттік жекеменшік әріптестік аясында салынып жатыр. Оны іске қосу үшін бірнеше кезеңдерден өту керек. Мемлекеттік сараптама жүргізіліп, бағасы анықталады. Кейін үкіметтің арнайы комиссиясы қарастырып, содан соң нысанды қосу туралы шешім қабылдайды. Оны түрік құрлысшылары салып жатыр. Олардың тәжірибесі мол. Жоба міндетті түрде іске қосылады. Инвестор құрылыс нысанын салып қана қоймай, дәрігерлерді таңдап, Түркияға оқуға апаруды көздеп отыр. Жетекші мамандарды жұмыс істеуге шақырмақшы. Жалпы, медициналық нысанды іске қосу өте күрделі процесс. Алдымен олар құжаттарын түгендеп өткізсін, кейін мемлекеттік сараптамадан өту керек. Сосын нақты айтуға болады», — деді вице-министр.

Тағы оқыңыз: СҚО-да түрмеде отырған әйелдің туындысы халықаралық суретшілер байқауында жүлделі орынға ие болды

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x