Жүргізуші куәлігіне теориялық емтихан тапсыру ережесі өзгерді

Қазақстанда жүргізуші куәлігін алу үшін теориялық емтихан тапсырудың ережелері өзгерді. Енді емтихан қабылдаудағы ұйымдастырушылық-технологиялық процестерін Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарында Мемлекеттік корпорация жүзеге асырады. Бұрын мұны аутсорсингтік компаниялар жасайтын, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

«Бұл жаңашылдық «Азаматтарға арналған үкіметтің» мамандандырылған ХҚО-ларда клиенттердің сапасыз қызмет көрсету туралы шағымдарының жиі түсуімен байланысты. Осындай келеңсіздіктерді жою үшін Мемлекеттік корпорация тестілеу үдерісін дербес ұйымдастыруға шешім қабылдады. Осылайша, тестілеудің сапасы ғана емес, қауіпсіздігі де артады», — дейді аталмыш ұйымның баспасөз қызметі.

Бұрын теориялық тестілеу жол қозғалысы ережелері 2.0 жүйесі арқылы жүргізілген еді. 16 қазаннан бастап Мемлекеттік корпорация жол қозғалысы ережесінің жаңа 3.0 жүйесіне көшті.

Мемлекеттік корпорация бұған дейін емтихан қабылдау бөлмелеріне бейнебақылау енгізген болатын. Бұл ретте кез келген адам күту залдарында да, онлайн режимінде де өтіп жатқан емтиханды көре алады. Көмекші құрал-жабдықтарды пайдаланып ұсталған клиенттер 3 айға емтихан тапсыру құқығынан айырылады.

Тағы оқыңыз: Алексей Луценко СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетовке жейдесін сыйлады

Поделиться:

Shares
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x