«Дельфин» спорт мектебіндегі үлкен жүзу залына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жоспар бойынша кешен қазан айының соңында пайдалануға берілуі тиіс. Алайда, нысанда жұмыс мерзімінен кешігіп жатыр, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі
Кешен директорының айтуынша, олимпиадалық талаптарға жауап беретін бассейнге 10 жылдан бері жөндеу жүргізілмеген.Үлкен жүзу залында жөндеу жұмыстары шілде айында басталған. Бұл мақсатқа облыстық бюджеттен 55 млн теңге қаржы бөлінген. Керамикалық плиткалар жаңадан төселіп, терезеге орнатылған витраждар ауыстырылды. Сонымен қатар бассейнде демонтаж жұмыстары жүргізіліп жатыр. Кешен директорының сөзіне қарағанда, егер жөндеу жұмыстары уақытылы бітпесе, мердігерге 0.1 пайыз көлемінде айыппұл салынады. Ал жоспар бойынша нысан қараша айының ортасына таман пайдалануға берілмек.
«Қазіргі таңда біздің оқушылар М.Қозыбаев атындағы университетінің бассейінінде жаттығу процесін өткізуде. Ал жаңадан келген 100-ден астам бала кішкентай бассейнде жаттығып жатыр. Жөндеу жұмыстары уақытылы аяқталады деген үміттеміз.»,-дейді «Дельфин» су спорты мектебінің директоры Бақыт Арықбаев