СҚО-да лауазымды тұлғалар 348 жайылымдық жерді заңсыз берген

СҚО прокурорлары жер қатынастары саласында талдау жүргізу кезінде жайылым жерлерді заңсыз беру фактілерін анықтады.Жергілікті атқарушы органдардың лауазымды тұлғалары жер кодексінің талаптарын бұза отырып, жалпы ауданы 54 мың га ауылдарға жақын жерде орналасқан 348 жайылымдық жерді заңсыз берген, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.
Қадағалау органының шаралары бойынша облыс әкімдігі мен облыстың жер ресурстарын басқару департаменті сотқа талап қою арқылы ауданы 38 мың га 247 жер учаскесін қайтарды. Қалған жайылым жерлер бойынша жұмыс жалғасуда.
Қадағалау органының ұсынымдары бойынша жайылым тапшылығын жою мақсатында әкімдіктер елді мекендердің жер көлемін 114 мың гектарға ұлғайтты. Сонымен қатар, агроөнеркәсіптік кешен субъектілерімен жайылымдарға қажеттілікті жоюға бағытталған меморандумдар жасалды.
Нәтижесінде өңірде ауыл халқы үшін жайылымдық жерлерге деген тапшылық 538 мыңнан 386 мың га. дейін азайды.

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *