Жамбыл ауданында зейнеткерден 16 патрон табылды

Жамбыл ауданының тұрғынынан 16 паторн табылды. Бұрын аңшы болған 61 жастағы ер адам, мылтығын полицияға тапсырып, оқты өзіне қалдырған, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Зейнеткер бұрындары аңшылық құрған. Кейін 2012 жылы 12-калибрлі мытығын тәртіп сақшыларына өткізіпті. Алайда патрондарды өзінде қалдырып, заңсыз сақтап келген.  Аталған фактіге қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 482-бабы бойынша материал жиналды.

«16 қазан күні басталған «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасының  алғашқы күнінде облыста 27 бірлік оқ-дәрі, 1 тегіс ұңғылы мылтық тәркіленді. Сондай-ақ иесіз қалған 270-тен астам үй, 58 саяжай учаскесі, 132 жалдамалы пәтер, 700-ден астам есепте тұрған тұлға, 68 қолайсыз отбасы және отбасыларында құқық бұзушылықтар жасағаны үшін қорғау ұйғарымы жазылып берілген 97 адам тұрғылықты мекенжайлары бойынша тексерілді», – дейді СҚО ПД жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының міндетін атқарушы Александр Розбах.

Тағы оқыңыз: Биыл облыстық аурухана 29 дәрігермен толықты

Поделиться:

Shares
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x