Ұлттық ұлан әскери бөлімінде Отан алдындағы борышын өтеп жүрген сарбаздар ата-аналарымен кездесті.Оларға әскери бөлім іші көрсетіліп, сарбаздардың жатынжайлары мен тамақтанатын орындары да таныстырылды, деп деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.
«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігі «Әскер ата-аналар көзімен» науқанын ұйымдастырды. Науқан барысында ата-аналармен бірге Астана мен Ақмола гарнизондары әскери бөлімдерін де қарап шықтық. Казарма, асханасы мен басқа объектілерді көрдік.Іс-шараның мақсаты- сарбаздар қандай жағдайда өз әскери міндеттерін атқарып жатқандарын көрсету.»,-деді СҚО әкімінің әскери қауіпсіздік және қорғаныс мәселелері жөніндегі көмекшісі Дәулет Толыбай.
Арайлым Жакупова — жоба аясында баласымен көріскен ананың бірі, Бәйтерек ауылының тұрғыны. Ұлы Мадияр Қайыркен Ұлттық ұланның Астанадағы 5573 әскери бөлімінде борышын өтеуде.
« Ана жүрегі баласы сыртта жүргенде үнемі уайымдап жүреді ғой. Бірақ, әскердегі балалардың көңіл-күйлері жақсы. Өз көзіммен көргеннен кейін көңілім жай тапты. Барлық жерлерде жөндеу жұмыстары жасалған екен. Барлығы таза, ұқыпты. Сарбаздардың киімі мен заттары қойылатын шкафтары бар. Әрқайсысы нөмірленіп, аттары жазылып қойылыпты.Тамақ жағына келсек, бізге сол күнгі ас мәзірін көрсетті. Асханасы өте таза.»,-дейді Қызылжар ауданы Байтереке ауылының тұрғыны Арайлым Джакупова.
Ұлттық ұлан әскери бөлімі ата-аналардың уайымын сейілтіп, сағынышын басу мақсатында осындай іс-шараларды көктем және күз мезгілінде де өткізу жоспарлап отыр екен.