СҚО-да 5 қарашада үш ауданның әкімі сайланады

5 қараша күні Есіл, Мамлют және Тимирезев аудандарының әкімдері сайланады. Бүгінде оған дайындық жұмыстары қыза түсті,деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі
Облыстық сайлау комиссиясының мәліметінше, 5 қазанда кандидаттарды ұсыну мерзімі аяқталды.Үш сайлау округі бойынша 12 кандидат ұсынылды. Құжат тапсырғандардың жартысы саяси партиялардан болса, қалғаны өзін-өзі ұсынғандар. Үміткерлердің ең жасы 32-де, ал үлкені 61-де. Саяси дода өтетін елді мекендерде 36 мыңнан астам сайлаушы бар. Енді алдағы уақытта өңірде 84 сайлау учаскесі жасақталатын болады.

«Үш сайлау округі бойынша 12 кандидат ұсынылды. Оның үшеуі «Amanat» партисынан, үшеуі Қазақстан халық партиясынан. Және алтауы өзін-өзі ұсыну тәртібімен. Осылайша орта бәсекелестік бір орынға төрт адамды құрап отыр. Қазіргі таңда 11 кандидаттың сәйкестігі анықталды. Бір кандидат мемлекеттік қызмет саласындағы заңнаманың талаптарына сәйкес келмейді.»,-деді облыстық сайлау комиссиясының мүшесі Сағындық Рахымжан

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x