Петропавлда жанармай бекетінен шыққан өрттен зардап шеккен адам өткен сенбі күні көз жұмды.Оның денесінің 95%-ын күйік шалған еді, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.
Естеріңізге сала кетейік, 3 қазан күні Петропавлдағы жанармай бекетінен өрт шыққан болатын. Тілсіз жаудан бір жүргізуші зардап шегіп, көпсалалы қалалық ауруханаға жеткізілген еді. Аурухана дәрігерлерінің сөзінше, ер адам өте ауыр жағдайда жеткізіліпті. Оның денесінің 95%-ын күйік шалған. Өкінішке орай, науқас өткен сенбі күні қайтыс болған.