Туған қызын зорлаған Өзбекстандық азаматқа қатысты сот үкімі шықты

Петропавлда өзінің туған қызы мен ұлын зорлаған Өзбекстан азаматына қатысты үкім шықты. Сот шешімімен ол өмір бойына бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды  Qazaqstan media тілшісі.

Өзбекстан азаматы Бекниязов М.Жұмабаев ауданының тұрғыны. Оған кәмелетке толмаған балаларға бірнеше рет зорлық-зомбылық жасаған деген айып тағылды. СҚО полиция департаментінде ер адам туған қызын мас күйінде зорлағанын айтқан болатын. 

Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотта бүгін Бекниязовқа қатысты үкім шықты. Сот шешімімен ол өмір бойына бас бостандығынан айырылды. Алайда, сотта ол сөз алып, өзінің кінәсін мойындамайтынын және сот шешімімен келіспейтінін айтты.

Сот шешіміне жәбірленушілердің өкілдері де  түсініктеме берді.

«Біз сот үкімімен келісеміз. Ол өмір бойы өзінің жазасын алады. Мен сіздерге  барлық мәліметтерді ашық  айта алмаймын. Өйткені мұнда кәмелетке толмағандардың мүдделері зардап шегеді. Осы уақытқа дейін мұндай істер бойынша бірде бір адамның өз кінәсін мойындағанын көрген жоқпын.  Тергеу барлық қажетті мәліметтерді жинады. Бірақ оның кәмелетке толмаған қызы да, ұлыда зардап шеккен»,- деді  зардап шегушілердің  адвокаты Рауля Тулеева.

Айта кетейік, сот үкімі заңды күшіне енген жоқ. Сотталушының оған шағымдануға құқығы бар.

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x